Ақпарат » Страница 5 » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық технологиялық колледжінде ашық есік күні.
19
қыркүйек
2025
Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық
19.09.2025 күні 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беруші Сахова А.Б. бірге Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық технологиялық колледжінде болды. 🔹 Оқушыларға мамандықтардың қыр-сыры таныстырылып, болашақ кәсібін таңдауға бағыт-бағдар берілді. 🔹 Жаңа білім, жаңа серпін, жаңа мақсаттарға жол ашқан маңызды кездесу болды.
“Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, қоғамдық—гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылуы
17
қыркүйек
2025
“Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән
Мектебімізде “Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, қоғамдық—гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылуы өткізілді. Мақсаты: * Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру  * Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу  * Қазақстандағы түрлі ұлттардың тілдерін, мәдениетін дәріптеу  * Достық пен татулықты нығайту.
“Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыс
12
қыркүйек
2025
“Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыс
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н. Бубекбаев пен мектеп инспекторы А.Б.Бегімнің ұйымдастыруымен мектептің 8-10 сынып ұлдарына арналған “Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда мектептегі буллингті болдырмау, әлімжеттік көрсетпеу, оның салдары туралы ашып айтылды. Осы жұмыстарды қалыпқа келтіру мақсатында кіші сыныптармен де кесте бойынша жұмыстар жүргізіліп отыру жоспарлануда.
“Саналы ата-ана”  тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
09
қыркүйек
2025
“Саналы ата-ана” тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Отбасы күніне орай “Саналы ата-ана” тақырыбында 5-сынып ата-аналарымен мектеп әкімшілігінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Ұйымдастырған ДТІЖО-лары.[media=https://www.instagram.com/reel/DOZEKMUjfMo/?igsh=dzI2MzN2c2ttbnJ2]
«Ұлт тірегі-тіл»кітап көрмесі
05
қыркүйек
2025
«Ұлт тірегі-тіл»кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында  «Ұлт тірегі-тіл»  атты 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқырмандарға мемлекеттік тілдің  маңызын, қасиетін ұғындыру, өз тілін құрметтеуге шақыру. Көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, библиорграфиялық шолу жасалды.
"Мектебім - мейірім мекенім" алғашқы қоңырау
01
қыркүйек
2025
"Мектебім - мейірім мекенім" алғашқы қоңырау
📚✨ Мектебім – мейірім мекені ✨📚 Бүгін білім ордасында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, жүректерге шаттық сыйлады. Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, ол – шәкіртке мейірім сыйлап, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын қасиетті шаңырақ. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн – үлкен өмірге бастайтын алғашқы қадам. Ал жоғары сынып оқушылары үшін – білім жолындағы жаңа белес.