Ақпарат » Страница 4 » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері» атты рухани-тәрбиелік іс-шара
16
қазан
2025
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері»
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері» атты рухани-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға  5 «Ғ» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы күй өнері туралы кітаптармен таныстырып, күйдің шығу тарихы мен маңызы жайлы қызықты ақпараттар берді. Қазақтың дәстүрлі күй өнері насихатталып, оқушылар күйлерді нақышына келтіріп орындап берді. Қазақтың дәстүрлі өнері – күй орындау арқылы оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіру және мәдени мұраға деген құрмет қалыптастыру.
«International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі
15
қазан
2025
«International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі
International Education Fair 2025 ✨🎓 Бүгін, 2025 жылғы 15 қазанда, Алатау ауданы №217 мектептің 10-сынып оқушылары Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен «International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысып қайтты.🌍📚 Оқушылар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен танысып, шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы мол ақпарат алды. 💡 Көрме — жаңа мақсаттарға жол ашқан тамаша тәжірибе болды! 🚀💫 Кәсіптік бағдар беруші: Сахова А.Б.
“Педагог-магистр: кәсіби даму мен педагогикалық инновация” тақырыбындағы қалалық конференция
10
қазан
2025
“Педагог-магистр: кәсіби даму мен педагогикалық инновация”
 “Педагог-магистр: кәсіби даму мен педагогикалық инновация” тақырыбындағы қалалық конференцияға қатысқаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарипханова А.Қ марапатталды
«Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу
01
қазан
2025
«Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу
Мектеп кітапханасында   «Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Оқушылар  ұлы кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың кітаптарын оқып,шығармашылығымен танысты. Абай шығармалары ұлттың құндылықтарға толы.
“Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу кеші
23
қыркүйек
2025
“Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
23 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде “Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу кеші өтті. Мақсаты: .  Қазақтың ұлттық әдебиетін дәріптеу, оқушыларды әдебиетке, поэзияға баулу; * Ақын шығармашылығымен терең таныстыра отырып, оқушылардың рухани дүниесін байыту; * Жастардың ой-өрісін кеңейту, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; * Ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ету арқылы
«Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу
20
қыркүйек
2025
«Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында  мектеп кітапханасында «Оқуға арналған үзіліс» 15 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Оқушылар  үзіліс уақытында кітапханаға келіп, өздеріне ұнаған  кітаптарын алып оқыды.
«Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар жиналысы
19
қыркүйек
2025
«Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып ата-аналарымен «Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Бұл «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту, жайдарлы қарым-қатынасқа негізделген ата-ана мәдениетін дамыту, сондай-ақ әділетті, еңбекқор және жауапкершілігі жоғары ұрпақты тәрбиелеуге бірыңғай
“Алматы-әсем қала” атты эссе байқауының жүлдегері.
19
қыркүйек
2025
“Алматы-әсем қала” атты эссе байқауының жүлдегері.
Қала күніне орай ұйымдастырылған “Алматы-әсем қала” атты эссе байқауының аудандық кезеңінде 3 орын иегері Бақытжан Әдемі. Жетекшісі:Шарипханова.А.Қ