Ақпарат » Страница 3 » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагог-профориентаторлар семинары
03
қараша
2025
Педагог-профориентаторлар семинары
Педагог-профориентаторлар семинары 3 қараша күні Алматы қаласы педагог-профориентаторларына арналған семинар өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырды. Семинар барысында ҰБТ және кәсіби бағдар беру бағытында 10 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жоғары оқу орнының кампустарымен және кәсіби бағдар беруші педагогтармен таныстырылды. Семинар өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, сапалы өтті.
«Күзгі демалыс-кітап әлемінде»
31
қазан
2025
«Күзгі демалыс-кітап әлемінде»
"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында күзгі демалыс  кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында,   «Күзгі демалыс-кітап әлемінде» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырды.  Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану.  Оқушылар қызықты әңгімелерді, ертегілер мен повестерді оқы.
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
31
қазан
2025
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
«Балалар кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шарасы бойынша кітапхана оқырмандары күзгі демалыстарын кітап пен қызықты өткізілді. Мақсаты: демалыс кезінде балалардың демалуына, сауықтыруын оқуға деген қызығушылығын арттыру. 4 «Б» сынып оқушысы Құштарқызы Айзере зерек, білімге құштар оқушы.Сыныптастарын кітап оқуға шақырды.
«Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы
30
қазан
2025
«Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы
Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану."Балалар кітапханасы"  жобасы аясында 1 «А» сынып оқушылары  Нұржанқызы Айлағыл, Ниязбек Бекарыс күзгі демалыс кезінде кітап оқуға кеңес берді.
Оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады
22
қазан
2025
Оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады
22.10.25  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1«А» сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Кітапханашы  оқушыларды балаларға арналған энциклопедиялар, балалар әдебиетімен және көркем суреттелген иллюстрациялы ертегі кітаптармен  таныстырды.
«Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді
21
қазан
2025
«Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді
21.10.2025ж. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді.     Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, тарихы туралы көзқарасын бейнелеу арқылы көрсету. Патриоттық тәрбие беру, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.    Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын сурет арқылы жеткізуге үйрету. Туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл көрме – оқушылардың елге
«Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап көрмесі
21
қазан
2025
«Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап
Мектеп кітапханасында «Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға  5 «Г» сынып оқушылары қатысты.Көрменің мақсаты - жас ұрпақты туған жерін, елін,  Отанымыздың байлығын қорғауға, ел тарихын білуге, Отанын сүюге  патриотизм рухына тәрбиелеу. Кітапханашы көрмеге шолу жасап "Қазақстан Республикасының рәміздері", «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Менің Отаным Қазақстан» және т.б. кітаптарымен оқушыларды таныстырды.
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің жүлдегері
17
қазан
2025
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің жүлдегері
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің “Шешендік, білгірлер” номинациясы бойынша 8 А сынып оқушысы Ақтай Нұркен 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Еркінбек Балғын Кәрімбергенқызы.
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің жүлдегері атанды.
17
қазан
2025
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің жүлдегері
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің “Көркемсөз оқу” номинациясының 3 орын жүлдегері 8 В сынып оқушысы Бақытжан Әдемі.  Жетекшісі: Шарипханова.А.Қ