Кітапхана » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абайдың асыл мұрасы» атты оқушылар арасындағы аудандық Абай оқулары
27
қараша
2025
«Абайдың асыл мұрасы» атты оқушылар арасындағы аудандық Абай оқулары
Мектебімізде ұлы ақын  Абай  Құнанбайұлының  180 жылдығына  орай «Абайдың асыл мұрасы» атты оқушылар арасындағы аудандық Абай оқулары ұйымдастырылды. Байқау екі кезеңі 2 номинациядан тұрды:  1-кезең —   «Абайдың асыл мұрасы» Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.  2-кезең — «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін жанды дауыста орындау. Байқауға аудан мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысып,екі кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Осы байқауда мектебіміздің 6 "Г"сынып оқушысы
«Оқуға арналған үзіліс» атты күнделікті 15 минуттық кітап оқу
13
қараша
2025
«Оқуға арналған үзіліс» атты күнделікті 15 минуттық кітап оқу
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында, мектеп кітапханасында 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Оқуға арналған үзіліс» атты күнделікті 15 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Оқушылар кітапханаға келіп, сүйікті кітаптарын оқыды. Оқушылар өздерінің оқыған қызықты кітаптарын қысқаша мазмұндап, сыныптастарына оқуға ұсынды.
«Мен оқыған бір кітап» атты танымдық шара
06
қараша
2025
«Мен оқыған бір кітап» атты танымдық шара
Оқушыларымыздың күзгі демалыс кезінде оқыған кітаптары туралы мектебімізде «Мен оқыған бір кітап» атты танымдық шара өткізілді.Оқушылар өздері оқыған шығармалары туралы ой бөлісті.Аталған шара барысында Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабы талқыланып, оқушылар ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбегі жайлы мол мағлұмат алды.
«Күзгі демалыс-кітап әлемінде»
31
қазан
2025
«Күзгі демалыс-кітап әлемінде»
"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында күзгі демалыс  кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында,   «Күзгі демалыс-кітап әлемінде» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырды.  Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану.  Оқушылар қызықты әңгімелерді, ертегілер мен повестерді оқы.
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
31
қазан
2025
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
«Балалар кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шарасы бойынша кітапхана оқырмандары күзгі демалыстарын кітап пен қызықты өткізілді. Мақсаты: демалыс кезінде балалардың демалуына, сауықтыруын оқуға деген қызығушылығын арттыру. 4 «Б» сынып оқушысы Құштарқызы Айзере зерек, білімге құштар оқушы.Сыныптастарын кітап оқуға шақырды.
«Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы
30
қазан
2025
«Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы
Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Күзгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану."Балалар кітапханасы"  жобасы аясында 1 «А» сынып оқушылары  Нұржанқызы Айлағыл, Ниязбек Бекарыс күзгі демалыс кезінде кітап оқуға кеңес берді.
Оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады
22
қазан
2025
Оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады
22.10.25  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1«А» сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Кітапханашы  оқушыларды балаларға арналған энциклопедиялар, балалар әдебиетімен және көркем суреттелген иллюстрациялы ертегі кітаптармен  таныстырды.
«Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап көрмесі
21
қазан
2025
«Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап
Мектеп кітапханасында «Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға  5 «Г» сынып оқушылары қатысты.Көрменің мақсаты - жас ұрпақты туған жерін, елін,  Отанымыздың байлығын қорғауға, ел тарихын білуге, Отанын сүюге  патриотизм рухына тәрбиелеу. Кітапханашы көрмеге шолу жасап "Қазақстан Республикасының рәміздері", «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Менің Отаным Қазақстан» және т.б. кітаптарымен оқушыларды таныстырды.
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері» атты рухани-тәрбиелік іс-шара
16
қазан
2025
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері»
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері» атты рухани-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға  5 «Ғ» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы күй өнері туралы кітаптармен таныстырып, күйдің шығу тарихы мен маңызы жайлы қызықты ақпараттар берді. Қазақтың дәстүрлі күй өнері насихатталып, оқушылар күйлерді нақышына келтіріп орындап берді. Қазақтың дәстүрлі өнері – күй орындау арқылы оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіру және мәдени мұраға деген құрмет қалыптастыру.