Іс-шаралар » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік -тұғыры биікте" атты сынып сағаттары
15
желтоқсан
2025
"Тәуелсіздік -тұғыры биікте" атты сынып сағаттары
Бүгін 15-желтоқсан күні №217 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік -тұғыры биікте" атты сынып сағаттары өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіру,елдік рух пен отан сүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
«Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді
21
қазан
2025
«Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді
21.10.2025ж. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі өткізілді.     Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, тарихы туралы көзқарасын бейнелеу арқылы көрсету. Патриоттық тәрбие беру, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.    Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын сурет арқылы жеткізуге үйрету. Туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл көрме – оқушылардың елге
“Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу кеші
23
қыркүйек
2025
“Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
23 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде “Тілдер мерекесіне” орай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Мөлдір бұлақ” журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу кеші өтті. Мақсаты: .  Қазақтың ұлттық әдебиетін дәріптеу, оқушыларды әдебиетке, поэзияға баулу; * Ақын шығармашылығымен терең таныстыра отырып, оқушылардың рухани дүниесін байыту; * Жастардың ой-өрісін кеңейту, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; * Ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ету арқылы
“Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, қоғамдық—гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылуы
17
қыркүйек
2025
“Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән
Мектебімізде “Тіл — татулықтың тірегі” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, қоғамдық—гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылуы өткізілді. Мақсаты: * Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру  * Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу  * Қазақстандағы түрлі ұлттардың тілдерін, мәдениетін дәріптеу  * Достық пен татулықты нығайту.
“Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыс
12
қыркүйек
2025
“Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыс
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н. Бубекбаев пен мектеп инспекторы А.Б.Бегімнің ұйымдастыруымен мектептің 8-10 сынып ұлдарына арналған “Құқықбұзушылықтын алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда мектептегі буллингті болдырмау, әлімжеттік көрсетпеу, оның салдары туралы ашып айтылды. Осы жұмыстарды қалыпқа келтіру мақсатында кіші сыныптармен де кесте бойынша жұмыстар жүргізіліп отыру жоспарлануда.
"Мектебім - мейірім мекенім" алғашқы қоңырау
01
қыркүйек
2025
"Мектебім - мейірім мекенім" алғашқы қоңырау
📚✨ Мектебім – мейірім мекені ✨📚 Бүгін білім ордасында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, жүректерге шаттық сыйлады. Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, ол – шәкіртке мейірім сыйлап, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын қасиетті шаңырақ. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн – үлкен өмірге бастайтын алғашқы қадам. Ал жоғары сынып оқушылары үшін – білім жолындағы жаңа белес.