Педагог-профориентаторлар семинары
Педагог-профориентаторлар семинары 3 қараша күні Алматы қаласы педагог-профориентаторларына арналған семинар өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырды. Семинар барысында ҰБТ және кәсіби бағдар беру бағытында 10 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жоғары оқу орнының кампустарымен және кәсіби бағдар беруші педагогтармен таныстырылды. Семинар өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, сапалы өтті.