“Білім және карьера” халықаралық көрмесі
19 қараша күні 9–10–11 сынып оқушылары “Атакент” көрме орталығында өткен “Білім және карьера” халықаралық көрмесіне қатысып қайтты! Алматы қаласында БҒМ-нің ресми қолдауымен ұйымдастырылған XXIV Қазақстандық халықаралық “Білім және карьера” көрмесінде оқушылар жоғары оқу орындары, колледждер және түрлі мамандықтар туралы құнды ақпарат алды. Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлкен мүмкіндік берді. ✨Кәсіптік бағдар беруші: Сахова А.Б