«Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап
Мектеп кітапханасында «Қыран елім-Қазақстан» 25 қазан Республика күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға 5 «Г» сынып оқушылары қатысты.Көрменің мақсаты - жас ұрпақты туған жерін, елін, Отанымыздың байлығын қорғауға, ел тарихын білуге, Отанын сүюге патриотизм рухына тәрбиелеу. Кітапханашы көрмеге шолу жасап "Қазақстан Республикасының рәміздері", «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті», «Менің Отаным Қазақстан» және т.б. кітаптарымен оқушыларды таныстырды.