«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері»
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Күй өнері» атты рухани-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға 5 «Ғ» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы күй өнері туралы кітаптармен таныстырып, күйдің шығу тарихы мен маңызы жайлы қызықты ақпараттар берді. Қазақтың дәстүрлі күй өнері насихатталып, оқушылар күйлерді нақышына келтіріп орындап берді. Қазақтың дәстүрлі өнері – күй орындау арқылы оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіру және мәдени мұраға деген құрмет қалыптастыру.