"Мектебім - мейірім мекенім" алғашқы қоңырау
📚✨ Мектебім – мейірім мекені ✨📚 Бүгін білім ордасында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, жүректерге шаттық сыйлады. Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, ол – шәкіртке мейірім сыйлап, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын қасиетті шаңырақ. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн – үлкен өмірге бастайтын алғашқы қадам. Ал жоғары сынып оқушылары үшін – білім жолындағы жаңа белес.