Профориентациялық көмек » Страница 2 » «№217 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№217 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 642-93-52
Есепші бөлімі:
+7(775) 642-93-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Білім және карьера” халықаралық көрмесі
19
қараша
2025
“Білім және карьера” халықаралық көрмесі
19 қараша күні 9–10–11 сынып оқушылары “Атакент” көрме орталығында өткен “Білім және карьера” халықаралық көрмесіне қатысып қайтты! Алматы қаласында БҒМ-нің ресми қолдауымен ұйымдастырылған XXIV Қазақстандық халықаралық “Білім және карьера” көрмесінде оқушылар жоғары оқу орындары, колледждер және түрлі мамандықтар туралы құнды ақпарат алды. Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлкен мүмкіндік берді. ✨Кәсіптік бағдар беруші: Сахова А.Б
Мамандық таңдау формуласы
17
қараша
2025
Мамандық таңдау формуласы
Алматы қаласы Еңбек мобильдігі орталығының маманы Жакупова Еркеш апаймен кездесу өтті. Бүгін жоғары сынып оқушылары үшін маңызды кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мамандықтар, еңбек нарығындағы сұраныс және болашақ мамандықты дұрыс таңдау туралы құнды ақпарат алды. Осындай пайдалы кездесу өткізгені үшін Алматы қаласы Еңбек мобильдігі орталығының қызметкерлеріне үлкен алғыс! 🌟 Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, болашаққа сенім сыйлаған Еркеш апайға ризашылығымызды білдіреміз.
«Керемет Су СКЕ» ТМ Самал су зауытына экскурсия!
11
қараша
2025
«Керемет Су СКЕ» ТМ Самал су зауытына экскурсия!
«Керемет Су СКЕ» ТМ Самал су зауытына экскурсия! 11.11.2025 ж. күні 9-сынып оқушыларына Самал су зауытына қызықты әрі танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар табиғи судың қалай тазартылып, құйылып, тұтынушыға дейін жететін жолымен танысты. 🌿 Экскурсия барысында оқушылар экологиялық мәдениет пен таза судың маңызын терең түсініп, жаңа әсер мен білім алды.Кәсіби бағдар беруші: Сахова.А.Б
Педагог-профориентаторлар семинары
03
қараша
2025
Педагог-профориентаторлар семинары
Педагог-профориентаторлар семинары 3 қараша күні Алматы қаласы педагог-профориентаторларына арналған семинар өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырды. Семинар барысында ҰБТ және кәсіби бағдар беру бағытында 10 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жоғары оқу орнының кампустарымен және кәсіби бағдар беруші педагогтармен таныстырылды. Семинар өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылып, сапалы өтті.
«International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі
15
қазан
2025
«International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі
International Education Fair 2025 ✨🎓 Бүгін, 2025 жылғы 15 қазанда, Алатау ауданы №217 мектептің 10-сынып оқушылары Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен «International Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесіне қатысып қайтты.🌍📚 Оқушылар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен танысып, шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы мол ақпарат алды. 💡 Көрме — жаңа мақсаттарға жол ашқан тамаша тәжірибе болды! 🚀💫 Кәсіптік бағдар беруші: Сахова А.Б.
Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық технологиялық колледжінде ашық есік күні.
19
қыркүйек
2025
Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық
19.09.2025 күні 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беруші Сахова А.Б. бірге Алматы технологиялық колледжі мен Энергетика және электрондық технологиялық колледжінде болды. 🔹 Оқушыларға мамандықтардың қыр-сыры таныстырылып, болашақ кәсібін таңдауға бағыт-бағдар берілді. 🔹 Жаңа білім, жаңа серпін, жаңа мақсаттарға жол ашқан маңызды кездесу болды.
Назад 1 2 Вперед