19
қыркүйек
2025
«Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып ата-аналарымен «Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бұл «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады.
Негізгі мақсат – мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту, жайдарлы қарым-қатынасқа негізделген ата-ана мәдениетін дамыту, сондай-ақ әділетті, еңбекқор және жауапкершілігі жоғары ұрпақты тәрбиелеуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру.
Күн тәртібінде:
1.”Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық”
Мектеп директоры А.А. Мұхтарқұлова
2. “Келешек мектебінің моделі”
ДОІЖО Жумагалиева К.Е.
3.Мектептің ішкі тәртіп ережелері. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар.
ДТІЖО Бубекбаев Ж.Н.
4. Әртүрлі мәселелер.
Жиналыс барысында мектеп психологы К.Т.Бектеналы «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында тренинг өткізіп, ата-аналармен ашық пікір алмасу жүргізді. Тренинг қатысушыларға терең ой салып, ата-аналық жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте ұғындырды.Жиналыс соңында ата-аналарға Алматы қаласының психологиялық қолдау орталығы ұсынған “Жасөспірім өзгерсе- қорықпаңыз:қолдаңыз, қысым жасамаңыз” тақырыбындағы жаднама таратылып, түсіндірмелі жұмыс жүргізілді.